«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілгендей бүгінде заңгерлердің біліктілігі мен тәжірибесін жетілдіру жайы кеңінен қолға алынуда. Бұл жоспар жаңа замандағы мемлекетті басқарудың, әлемдік және мемлекеттік мәселелерді шешуге, құқықтық қарым-қатынастардың реттеуге, экономикалық дамуға бағыттаушы құжат ретінде қабылданды. Тапсырманың 17-қадамында: «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Судьялыққа үміткерлер соттарда судья жалақысының 70 пайызы мөлшерінде жалақысы төленетін бір жылдық тағылымдамадан өту. Бір жылдық тағылдамадан кейін судьяға бір жылдық сынақ мерзімін белгілеу» нормалары құқықтық реттелуде. Әсіресе, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау жөніндегі қағида ерекше. Сондай-ақ, барлық сот процестерінде бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу қажеттілігі де көңілден шығады. Сот процесінде бәрі ашық болуға тиіс. Тағы да бір ерекше айта кететін нәрсе, Алқа билер соты қолданатын салаларды кеңейту жөніндегі бапта бүгінгі заман талабына сай келеді. Бұл ерекше реформалық бағдарламада айтып талдай берсе – көңілден шығатын заң мәселелеріне қатысты ойлар мен тұжырымдамалар көп. Түйіп айтқанда, «100 нақты қадам» реформалық бағдарламасы қазақ елінің мәңгілігі үшін жасалған жоспар әрі кемеңгерлік қағида екендігі даусыз. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысында аталған бағдарлама қызу талқыланып, соған орай түрлі іс шаралар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.