«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгінде ауқымды жұмыстар атқаруда. Әсіресе мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыруда олардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Фронт офистерде олар үшін барынша жағдай жасалынған. Арнайы пандустар қоларбалардың шығуына қолайлы етіп жасалған. Осы пандустарға шақыру нүктесі орналасқан. Олар осы арқылы белгі беріп, қызметкерлерді шақырта алады. Түрлі қызмет түрлерін 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік корпорацияның фрот-офистеріне бармай-ақ алуына да болады. Арнайы мобильдік топты шақыру үшін олар біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалса болғаны. Қызметкерлер өтініш иесіне 72 сағат ішінде барады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды демеу үшін түрлі қызмет түрлері қосылуда. Соларың бірі Брайль мәтініндегі ақпараттық тақталар жақын күндері іске қосылмақ. Мұынымен де шектелмей жақын арада көзі нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар орнату жоспарланып отыр. Қамкөңіл жандар үшін ең басты жаңалық азамат мүгедектік тобын анықтау үшін комиссиядан бұрын әртүрлі құжат жинап, қиналатын. Енді оның бәрі артта қалатын болады.т Оның құжаттары онлайн режимінде мемлекеттік корпорацияға беріледі, мұнда барлық жәрдемақы түрлерінің төлемі белгіленіп, оның төленуі де ұйымдастырылады. Бұл Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі мен орталықтандырылған мүгедектік мәліметтер базасын бір жерге жинаудың арқасында мүмкін болып отыр. Бұрынғыдай емес, жеке басын куәландыратын құжат жөніндегі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке азаматтардың мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесінен алады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы болып отыр. Ұлт жоспарының басым бағыттарының бірі әлеуметтік саланы оңтайландыру болса, «Азаматтарға арналған үкіметке» ерекше мән берілген болатын. Бүгінде соның нәтижесі осындай жетістіктер көрсетіп отыр.