
Елбасы екшеген «100 нақты қадамның» бірінші бөлімінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру көзделген. Бұл 15 қадамды қамтитыны белгілі. Бұрынғыдай емес, бүгінде мемлекеттік қызмете тұру оңай шаруа емес. Сатылап өсетін өзіндік қағидалары бар. Әрбір мемлекеттік қызметші арнайы аттестациядан өтеді. Әрі бірден жоғары лауызымға биіктеуге мүмкіндік жоқ. Қызметін ең төменгі баспалдақтан бастайды. Бұл –мерократия қағидасы. Сатылап өсудің арқасында тыңғылықты тәжірибе жинауына да мүмкіндік мол. Тәжірибелі маман мекеменің жұмысы тиянақты болуына көп үлес қосатыны белгілі. Сондықтан да бүгінде осы жүйеге көп көңіл бөлінуде. Бүгінде мемлекеттік мекемелерге жұмысқа тұру үшін арнайы «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып тұрады. Түрлі мекемелер бос орындарға конкурс жариялап тұрады әредік. Осындай мүмкіндікті көп жастың жұмысты болуына септігін тигізіп те жатыр. Әсіресе ең көп бос орындар аудандық атқарушы бөлімдерде. Мемлекеттік қызметте бағын сынаймын деген азаматтарға талап біреу. Ол адал әрі абыройлы еңбек ету. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту шаралары облыста қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде «Алтын қор» кадрлар резерві бойынша 70 жас жасақталды. Облыс әкімі бастама болған бұл жобаның мақсаты да біреу — ол жастардан сапалы кадр дайындау. Бұл жас буынға берілген зор мүмкіндік. Алдағы уақытта қай оқу орының түлегі мемлекеттік қызметкер атанса, оқу орны үшін үлкен олжа болмақ.