Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: polit.ru

Биотехнология – болашақтың мамандығы

👤Saq.kz 4 коммент. 🕔2015-07-22

Уақыт өзі дәлелдеді... бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары қат мамандыққа айналып отыр. Әсіресе агроном, зоотехниктер бүгінде күндіз шам алып іздесең де таптырмайтын дәрежеге жеттік. Тәжірибесі мол мамандар зейнет жасына да жақындап қалды. Ертеңгі күні олардың орнын кім басады? Міне, бұл бүгінгі күннің тәртібіндегі ең маңызды мәселе. Сондай-ақ, су шаруашылығы мамандары да назардан тыс қалғаны жасырын емес. Су көздерін дұрыс игеріп, гидромелиорация шаруашылығын жақсы деңгейде басқару үшін су ресурстары мамандарына өте мұқтаж. Су ресурстары және жерді пайдалану кафедрасы жүргізген мониторинг жұмыстары көрсеткендей облыстың құрылыс, энергетика, және коммуникалдық шаруашылықтары департаменттері арнайы жоғары білімді мамандармен қамтылуы 10 пайыздан да аспайды екен. Бұл дегеніңіз су мамандарын нарықтық экономикаға бейімдеп оқытып, кәсіби мамандарды көбейту мәселесін тездетіп шешуді талап етеді. Кезінде Шымкентте гидромелиоративтік училище бар болатын. Кейіннен заман талабына сай емес болды ма, әлде басқалай себебі бар болар жабылып тынды. Бүгінде оның орнында заманауи кәсіпке баулитын колледж жұмыс істеуде. Су шаруашылығы мамандарын даярлауда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-не қарасты Агроөнеркәсіп институты тындырымды тірлік атқарып келеді. Бүгінде мұнда ең қат мамандықтарды оқытумен қатар заманауи мамандықты игеруді де қолға алған... Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Жыл жылжыған сайын ауылшаруашылығына көп көңіл бөлініп келеді. Осыған орай ауылшаруашылығы мамандарын дайындау ісінде де сәл де болса көңіл тоғайтатындай дәрежеге жетіп қалды десек те болады. Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-інде Агроөнеркәсіп институты өңірдегі ауылшаруашылығына қат мамандарды дайындауда. Әрине, сұраныс артып отырған шақта бұл шара теңіздің қасындағы тамшыдай болса да құптарлық-ақ жәйт. Бұрын соңды облыста агроөнеркәсіп саласына қажетті  мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орны болмаған. Бұл алғашқы қарлығаш десе де болады. Ең алғаш 2003 жылы агроөнеркәсіп факультеті болып негізі қаланып, бүгінде институт дәрежесін иеленіп отыр. Әу баста Ветеринарлық медицина, агрономия, фермерлік іс, ауылшаруашылығын экономикаландыру, азық түлік технологиясы мамандарын даярлайтын. Арада біршама уақыт өткенде өрісі кеңейіп тағы да аса қат мамандықтарға баулитын факультеттер ашылды. Оқуға түскен студенттердің көпшілігі білім беру грантымен  түскен. Өйткені олардың ауылдық квотасы бар. Жыл өткен сайын студенттердің саны артып келеді. Агроөнеркәсіпке аса қажетті 11 мамандық  дайындайды. Аталған төрт мамандықтан бөлек топырақ тану, агрохимия, су ресурстары және суды пайдалану, агроинженерия, биотехнология, жерді пайдалану және кадастр деген мамандықтар қосылған. Мұнда жастар тек білім алып қана қоймай, оны тәжірибемен ұштастырып отырады. «Оңтүстік-Батыс» ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Студенттер осы орталықтың базасында тәжірибеден өтеді. Алдағы жылдарда материалдық-техникалық базаны нығайту жоспарда бар. Өндірісті, ғылымды, оқу процесін үйлестіру заман талабы. Жоғарғы оқу орнының дипломын иелену бір мәртебе болса ертеңгі күні сол арқылы нан тауып жеу, яғни жұмысқа орналасу да алынбас асудай бір белес. Дегенмен бүгінде Оңтүстік Қазақстан Облыстық ауылшаруашылығы департаментіның өзі ұсыныс түсіріп отырған жайы бар. Одан кейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан ваканттық орындарға сұраныс түседі. Әр студенттің ауылы, ауданында бос орын болып жатса сонда жұмысқа орналасады. Биотехнология - негізі келешектің мамандығы. Өндірістің, өнеркәсіптің барлық салаларында жұмыс істеуге мүмкіншіліктері мол. Ауылшаруашылығында, өсімдік, мал шаруашылығында биотехнологиялық әдістерменен селекция жүргізуге болады. Әр организмде болатын гендік дәрежеде тәжірибе арқылы өсімдіктердің, малдардың сорттарын сұрыптауға мүмкіншілік туады. Уранды өндіру мәселесі болатын болса оны химиялық жолмен өңделеді. Оны биотехнологиялық жолмен өндеуге мүмкіншіліктер бар. Сондықтан да биотехнологияны болашақтың мамандығы деп бекерге айтпаса керек...

 

 

ПІКІР (4)

  1. 🕔2021-06-12 19:54:37

    Flulmilup

    Комментарий находится на модерации.
  2. 🕔2021-05-08 16:56:16

    Shienda

    Комментарий находится на модерации.
  3. 🕔2021-04-17 03:13:08

    Genuequek

    Комментарий находится на модерации.
  4. 🕔2020-12-15 13:11:18

    Shienda

    Комментарий находится на модерации.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

10

11

12

13

14

15

16

17

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея