Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Қазақстанда несиені 3 айға тоқтату ұсынылды

1241 просм. 👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2022-01-19

Мәжілісте депутаттар Үкіметке жеке және заңды тұлғалардың несиесін өтеу міндетін 3 айға тоқтата тұруды ұсынды. Мәжіліс отырысында депутат Ерлік Өмірғали еліміздегі соңғы жағдайларда зардап пен залал шеккен кәсіпкерлердің несиесін 90 күнге тоқтату керек екенін алға тартты.  Үлкен супермаркеттер мен гипермаркеттер, одан өзге қаншама дүкендер зардап шеккен. Өрт қойылған дүкендердің жарық жүйелері, коммуналдық жүйелері зақымдалған. Одан бөлек, сауда витриналары да қайта қалпына келместей өртеніп кеткен. Енді кәсіпкерлер банктерден алынған несиелерін қалай жабатынын білмей дал болып отыр. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, тауар сатып алуға да қыруар қаржы қажет екені белгілі. Оның үстіне жұмысшылардың жалақысы да бар.  Алдын ала есеп бойынша залал мөлшері жүздеген миллиард теңге. Бұл банкроттыққа және өмір бойы қарызданып жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер үшін әрбір кешіктірілген күннің қаншама өсімпұл "сыйлайтыны" белгілі.  "Төтенше жағдай аяқталды. Бірақ, бизнесті қалпына келтіру әлі мүмкін емес, қираған нысандардың жұмысшыларының әлі табысы жоқ. Сондықтан барлығын қалпына келтіру үшін заңды және жеке тұлғалар үшін қарыздарын 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынамыз", - деді депутат.

ПІКІР (1)

  1. 🕔2022-01-20 21:51:59

    Азаь

    Всем Казахстанцам нужно списать кредиты выданные под варварские проценты, сами банки берут под 2-5% наварились обагатились хватит

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда

2023-03-28: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда 16 0

2023-03-28: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ 12 0

2023-03-28: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ 15 0

2023-03-28: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 50 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ 100 ІРІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНБАҚ 14 0

2023-03-28: 29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ 14 0

2023-03-28: ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ 11 0

2023-03-28: ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ 13 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 16 0

<=Нау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

29

30

31

Галерея