Әлеумет Қазақстанда несиені 3 айға тоқтату ұсынылды Редактор 19.01.2022 14283 Мәжілісте депутаттар Үкіметке жеке және заңды тұлғалардың несиесін өтеу міндетін 3 айға тоқтата тұруды ұсынды. Мәжіліс отырысында депутат Ерлік Өмірғали еліміздегі соңғы жағдайларда зардап пен залал шеккен кәсіпкерлердің несиесін 90 күнге тоқтату керек екенін алға тартты. Үлкен супермаркеттер мен гипермаркеттер, одан өзге қаншама дүкендер зардап шеккен. Өрт қойылған дүкендердің жарық жүйелері, коммуналдық жүйелері зақымдалған. Одан бөлек, сауда витриналары да қайта қалпына келместей өртеніп кеткен. Енді кәсіпкерлер банктерден алынған несиелерін қалай жабатынын білмей дал болып отыр. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, тауар сатып алуға да қыруар қаржы қажет екені белгілі. Оның үстіне жұмысшылардың жалақысы да бар. Алдын ала есеп бойынша залал мөлшері жүздеген миллиард теңге. Бұл банкроттыққа және өмір бойы қарызданып жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер үшін әрбір кешіктірілген күннің қаншама өсімпұл «сыйлайтыны» белгілі. «Төтенше жағдай аяқталды. Бірақ, бизнесті қалпына келтіру әлі мүмкін емес, қираған нысандардың жұмысшыларының әлі табысы жоқ. Сондықтан барлығын қалпына келтіру үшін заңды және жеке тұлғалар үшін қарыздарын 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынамыз», — деді депутат. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 4776 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 4594 Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 03.07.2025 5583