Әлеумет 112 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген Редактор 03.03.2022 3575 1 оқу мин Қызылорда облысында жалған дипломмен қызмет атқарған 112 мұғалім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жоғары оқу орындарына сұрау салу мониторингі нәтижесінде облыс бойынша жалған дипломмен 112 дерегі анықталған. Ол бойынша құзырлы органға ұсыным жолданған. Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтар-маусым айларында аттестаттау комиссиясымен 863 құжатты қаралып, 24 мұғалімнен жалған құжаттың ізі байқалған. Ал, шілде-желтоқсан аралығында 14 мұғалім түпнұсқаны дәлелдей алмады. Алайда, әрбір педагогтан түсініктеме алып, жалақыға үстеме төлеу ісінде бюджетке шығын келтірмеуге назар аударылды. Аталған деректердің әрбірі педагогтік әдеп жөніндегі кеңестерде қаралуда. «Біз облыстық деңгейде жыл сайын педагогтарды аттестациялау барысында мұғалімдердің портфолиоға жалған құжаттарды салу жағдайын анықтап келеміз. Әсіресе күмән келтіретін құжаттарды (сертификат, грамота) ұлттық біліктілік тестілеудің түпнұсқаға сәйкестігін нақтылау ісін ашық жүргізіледі. Теріс әрекеттерге қатысты деректерді дер кезінде анықтау мән берілуде», — деді басқарма басшысы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 671 Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 19.04.2024 667 «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 18.04.2024 1021