Әлеумет 112 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген Редактор 03.03.2022 3870 1 оқу мин Қызылорда облысында жалған дипломмен қызмет атқарған 112 мұғалім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жоғары оқу орындарына сұрау салу мониторингі нәтижесінде облыс бойынша жалған дипломмен 112 дерегі анықталған. Ол бойынша құзырлы органға ұсыным жолданған. Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтар-маусым айларында аттестаттау комиссиясымен 863 құжатты қаралып, 24 мұғалімнен жалған құжаттың ізі байқалған. Ал, шілде-желтоқсан аралығында 14 мұғалім түпнұсқаны дәлелдей алмады. Алайда, әрбір педагогтан түсініктеме алып, жалақыға үстеме төлеу ісінде бюджетке шығын келтірмеуге назар аударылды. Аталған деректердің әрбірі педагогтік әдеп жөніндегі кеңестерде қаралуда. «Біз облыстық деңгейде жыл сайын педагогтарды аттестациялау барысында мұғалімдердің портфолиоға жалған құжаттарды салу жағдайын анықтап келеміз. Әсіресе күмән келтіретін құжаттарды (сертификат, грамота) ұлттық біліктілік тестілеудің түпнұсқаға сәйкестігін нақтылау ісін ашық жүргізіледі. Теріс әрекеттерге қатысты деректерді дер кезінде анықтау мән берілуде», — деді басқарма басшысы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1213 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 2636 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 2179