Әлеумет Желіде мектепке оқушыларды қабылдауға байланысты фейк тарады Редактор 21.05.2022 2307 1 оқу мин Желіде мектепке қабылдау туралы өтініште «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» болып ауыстырылды деген фейк тарады, — деп хабарлайды stopfake.kz. Қазнет қолданушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында «анасының ЖСН-ы» және «әкесінің ЖСН-ы» деп жазылатын жолдарға «бірінші ата-ананың ЖСН-ы» және «екінші ата-ананың ЖСН-ы» деп жазылған. Бұл — жалған ақпарат. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет. «Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай «ата-ана» немесе «заңды өкіл» деп жазылады», — деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілі. Демек, Қазақстанда «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» сөздерімен ауыстырылатыны туралы ақпарат — фейк. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 552 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 877 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1430