Әлеумет Желіде мектепке оқушыларды қабылдауға байланысты фейк тарады Редактор 21.05.2022 14872 1 оқу мин Желіде мектепке қабылдау туралы өтініште «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» болып ауыстырылды деген фейк тарады, — деп хабарлайды stopfake.kz. Қазнет қолданушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында «анасының ЖСН-ы» және «әкесінің ЖСН-ы» деп жазылатын жолдарға «бірінші ата-ананың ЖСН-ы» және «екінші ата-ананың ЖСН-ы» деп жазылған. Бұл — жалған ақпарат. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет. «Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай «ата-ана» немесе «заңды өкіл» деп жазылады», — деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілі. Демек, Қазақстанда «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» сөздерімен ауыстырылатыны туралы ақпарат — фейк. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6819 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480