Әлеумет Зияткерлік меншік құқықтары заңмен қорғалған Редактор 30.05.2022 2432 1 оқу мин Зияткерлік меншік құқықтары заңмен қорғалған Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімімен, «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ өкілі және кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн семинар өткізілді. Іс-шара барысында, бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану жауапкершілігі және авторлық құқық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелері талқыланды. ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының (әрі қарай — Заң) 4 бабы, 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды. Заңның талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік немесе Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексінің 222 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл тарапта құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Қазақстан республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 43 бабына сәйкес, ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары, авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар құруға құқылы. Алдағы уақытта департамент мамандары азаматтардың өз құқықтарын қорғау бойынша ауқымды семинарлар өткізбек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 904 Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 19.04.2024 864 «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 18.04.2024 1247