Әлеумет Зияткерлік меншік құқықтары заңмен қорғалған Редактор 30.05.2022 14716 1 оқу мин Зияткерлік меншік құқықтары заңмен қорғалған Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімімен, «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ өкілі және кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн семинар өткізілді. Іс-шара барысында, бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану жауапкершілігі және авторлық құқық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелері талқыланды. ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының (әрі қарай — Заң) 4 бабы, 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды. Заңның талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік немесе Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексінің 222 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл тарапта құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Қазақстан республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 43 бабына сәйкес, ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары, авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар құруға құқылы. Алдағы уақытта департамент мамандары азаматтардың өз құқықтарын қорғау бойынша ауқымды семинарлар өткізбек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911