Саясат Аймағамбетов Ұлытау облысына әкім бола ма? Министр өзі жауап берді Редактор 08.06.2022 17133 Бүгін ресми түрде елімізде жаңадан үш облыс құрылған болатын. Енді осы облыстардың әкімдері тағайындалады. Әлеуметтік желілерде Ұлытау облысына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тағайындалады деген қауесет тарады, деп хабарлайды Экспресс К. Министр бүгін Мәжіліске келген болатын. Отырыстан кейін Экспресс К тілшісі осы сауалды министрдің өзіне қойды. Ол бұл сұраққа нақты жауап бере алмайтынын, өз құзіретіне жатпайтынын айтты. «Бұл қауесет. Мұндай сауалға жауап беру біздің құзірет емес. Біз өз жұмысымызды атқарып жатырмыз. Сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын», — деді министр. Асхат Аймағамбетов үшін Ұлытау облысы таңсық емес. Өйткені ол дүниеге келген Шет ауданы кезінде осы облыстың құрамында болған. Қазір бұл аудан Қарағанды облысының құрамында. Өзі де министр болғанша Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 36492 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 63258 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 69949