Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

«AMANAT»: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАҒА СӘЙКЕС ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ АРТУДА

76 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-06-14

Автожолдар сапасын жақсарту мақсатында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес биыл облыс көлемінде 716,2 шақырым жолды жөндеу көзделген. Бұл жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Мәселен, Сарыағаш ауданындағы 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Орындалуы тиіс индикатордың қатарындағы Жібек жолы ауылдық округі Өркен көшесіне 1,1 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамалық құны 21,084 мың теңгені құрап, жол салу "Абай-Профиленд" ЖШС-нің мердігеріне тапсырылған. Қазіргі таңда шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ партия тарапынан жылжымалы зертханалық көліктер және арнайы құралдар арқылы төселген жолдардың құрамы мен стандартын саралап, жол сапасына бақылаулар тұрақты жүргізіледі. Биыл Кентау қаласында да жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Қаланың ішкі жолдарын жөндеу бойынша 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы орталық көшелерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Таңбалау, өткелдерді жаңарту, шұңқырларды жамау жұмыстары 19 көшеде іске асырылып, жалпы 34,6 шақырымды құрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылына қарасты 10 көшені орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 87,2 млн.теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекемемен келісім шарт түзілуде. Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіне атап айтқанда Астана ш/а, Жамбыл, Құралбаев, Төлеби, Сығанақ, Пролетарская, Сейфуллин №105, жалпы 3,0 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Партияның сайлауалды бағдарламасын Кентау қаласында орындау жөніндегі жол картасына сәйкес биыл 20,9 шақырым жол орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Отырар ауданында да сайлауалды бағдарламаға сәйкес биыл 20 елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу жоспарға енгізілген. Бүгінде мердігерлер анықталып, 10 елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Атап айтқанда Аққұм, Көксарай, Қарғалы, Отырар, Қоғам, Мыңшұқыр, Арыс, Шойманов, Темір, Шәуілдір елді мекендері қамтылуда. Партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 90 пайызға арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 17 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 34 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 129 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея