Әлеумет Ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталмақ Редактор 16.06.2022 6867 1 оқу мин Өз затына немқұрайлы қарайтындар ұрылардың жемтігіне айналары сөзсіз. Қараусыз қалған бағалы затты байқатпай қақшып кететін суыққолдылар қайуақытта да қалғымайды. Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық полиция бөліміне орталық базар сатушыларының бірі арызданып, өзіне тиесілі «Самсунг» маркалы ұялы телефоны ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде полицейлер, дүкенге белгісіз біреу кіріп, сатылымдағы аяқ киімдерді қарағандай болып, ұялы телефонды байқатпай ұрлап кеткенін анықтады. Ұрланған гаджеттің құны 70 мың теңгеден асады. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, базар аумағын аралап, ықтимал куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы және тұрған жері анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары әйелді заңға сәйкес істің мән-жайын анықтап, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366