Әлеумет Ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталмақ Редактор 16.06.2022 12907 1 оқу мин Өз затына немқұрайлы қарайтындар ұрылардың жемтігіне айналары сөзсіз. Қараусыз қалған бағалы затты байқатпай қақшып кететін суыққолдылар қайуақытта да қалғымайды. Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық полиция бөліміне орталық базар сатушыларының бірі арызданып, өзіне тиесілі «Самсунг» маркалы ұялы телефоны ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде полицейлер, дүкенге белгісіз біреу кіріп, сатылымдағы аяқ киімдерді қарағандай болып, ұялы телефонды байқатпай ұрлап кеткенін анықтады. Ұрланған гаджеттің құны 70 мың теңгеден асады. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, базар аумағын аралап, ықтимал куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы және тұрған жері анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары әйелді заңға сәйкес істің мән-жайын анықтап, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6819 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480