Әлеумет Әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруде Редактор 18.06.2022 4264 1 оқу мин Мамандық бойынша дайындық – әскери қызметшілерді оқытудың негізгі кезеңі. Ол бір ай бойы жүргізіледі және жеке құрамның атқаратын лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерін зерделеуге бағытталған. Осы кезеңде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін, жауынгерлік машиналарды ату және жүргізу қағидаларын зерделейді. Ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Сабаққа 27 000-нан астам маман тартылған. Оларды сапалы өткізу үшін Қарулы күштерде тиісті әдістемелік даярлығы бар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен 2000-нан астам оқу топтары құрылды. Оған Түркістан облысының әскери қызметкерлері де атсалысуда. Оқу кезінде орталық орын практикалық сабақтарға арналған. Олар жаттығу құралдарын пайдалана отырып, оқу сыныптарында, сондай-ақ оқу полигондарында ұйымдастырылған. Бөлімшелерде мамандық бойынша даярлау командирлер мен сержанттардың басшылығымен штаттық-лауазымдық тағайындалуына сәйкес жүргізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін жеке құрам өткен пәндер бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырады. Сабақтар ағымдағы жылдың 8 шілдесіне дейін жалғасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «КИЕЛІ МЕКЕН»: САУРАНДЫҚТАР ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗДЫ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САУРАНДЫҚТАР ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗДЫ 17.04.2024 873 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 17.04.2024 1092 ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫН «КЕМЕҚАЛҒАН» МОНУМЕНТІН АБАТТАНДЫРУДАН БАСТАДЫ Әлеумет ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫН «КЕМЕҚАЛҒАН» МОНУМЕНТІН АБАТТАНДЫРУДАН БАСТАДЫ 16.04.2024 1224