Әлеумет Әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруде Редактор 18.06.2022 16301 1 оқу мин Мамандық бойынша дайындық – әскери қызметшілерді оқытудың негізгі кезеңі. Ол бір ай бойы жүргізіледі және жеке құрамның атқаратын лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерін зерделеуге бағытталған. Осы кезеңде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін, жауынгерлік машиналарды ату және жүргізу қағидаларын зерделейді. Ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Сабаққа 27 000-нан астам маман тартылған. Оларды сапалы өткізу үшін Қарулы күштерде тиісті әдістемелік даярлығы бар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен 2000-нан астам оқу топтары құрылды. Оған Түркістан облысының әскери қызметкерлері де атсалысуда. Оқу кезінде орталық орын практикалық сабақтарға арналған. Олар жаттығу құралдарын пайдалана отырып, оқу сыныптарында, сондай-ақ оқу полигондарында ұйымдастырылған. Бөлімшелерде мамандық бойынша даярлау командирлер мен сержанттардың басшылығымен штаттық-лауазымдық тағайындалуына сәйкес жүргізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін жеке құрам өткен пәндер бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырады. Сабақтар ағымдағы жылдың 8 шілдесіне дейін жалғасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911