Әлеумет Жас келіншек екі бірдей тұрғынның атынан несие рәсімдеген Редактор 18.06.2022 2494 1 оқу мин Өзгелерді өз құлы үшін алдап, арбап кететін алаяқтардың қарасы көбейіп тұр бүгінде. Ол үшін қатаң жаза бар екенін ескергісі келмейтіні өкінішті. Өзгенің атынан несие рәсімдеп алып, ұстатпай кетемін деп романтикалық қиялға берілетін қиялилар расында көп. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Екеуі де алаяқтың құрығына түскен. Жәбірленушілер өздерінің танысы жеке басын растайтын мәліметтерді пайдаланып, шағын несие беру ұйымдарының бірінен несие рәсімдеген. Олардың біріншісінен 40 000 теңге, екінші жәбірленушінің атынан 240 000 теңге несие алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Сақшылар жас әйелді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұған дейін де сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттарды бермеу керектігін кез-келген азамат білуге тиісті. Алайда алданып, алаяқтың жемтігіне айналып жатқандар аз емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 794 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 1005 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1555