Әлеумет Жас келіншек екі бірдей тұрғынның атынан несие рәсімдеген Редактор 18.06.2022 15000 1 оқу мин Өзгелерді өз құлы үшін алдап, арбап кететін алаяқтардың қарасы көбейіп тұр бүгінде. Ол үшін қатаң жаза бар екенін ескергісі келмейтіні өкінішті. Өзгенің атынан несие рәсімдеп алып, ұстатпай кетемін деп романтикалық қиялға берілетін қиялилар расында көп. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Екеуі де алаяқтың құрығына түскен. Жәбірленушілер өздерінің танысы жеке басын растайтын мәліметтерді пайдаланып, шағын несие беру ұйымдарының бірінен несие рәсімдеген. Олардың біріншісінен 40 000 теңге, екінші жәбірленушінің атынан 240 000 теңге несие алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Сақшылар жас әйелді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұған дейін де сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттарды бермеу керектігін кез-келген азамат білуге тиісті. Алайда алданып, алаяқтың жемтігіне айналып жатқандар аз емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911