Әлеумет «Ұсақтан ұтпай ұзағынан күтетін» ұрылар бар… Редактор 20.06.2022 6863 1 оқу мин «Ұсақтан ұтпай ұзағынан күтетін» ұрылар пайда болды. Ұсақ-түйекті ұрлап қолын былғамауды жөн көрсе керек. Алып контейнерді ұрлағанды көргеніңіз бар ма? Күні кеше Түркістан қалалық полиция бөліміне мүлкін ұрлатұан жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның өзі жұмыс жасайтын мекеме аумағында тұрған темір контейнерді белгісіз біреу ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Айдың күннің аманында алып контейнерді қалай ұрлап кеткеніне мүлік иесінің өзі де аң таң. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ірі заттарға «ынтық» ұрыны ұстауға тәртіп сақшылары білек сыбана кірісті. Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына жетті. Олар жақын аумақтарды түгел барлап шығып, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, ізге түсті. Ұры алыстан келмепті. Нәтижесінде ұрлық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай, күдікті жас жігіт осы мекемеге жақын жердегі фирмалардың бірінде күзетші болып жұмыс жасаған. Жәй жүрмепті, айналаны барлап жүріпті. Іске алымды қандай мүлікті жымқыруға болатынын бағамдап жүрсе керек. Жұмысына барып, қайтып жүргенде фирмадағы аулада тұрған контейнерге көзі түскен. Оңтайлы сәтін күтіп, алып контейнерді алып кеткен. Сезікті қолды қылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бүгінгі күні оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366