Әлеумет «Ұсақтан ұтпай ұзағынан күтетін» ұрылар бар… Редактор 20.06.2022 12016 1 оқу мин «Ұсақтан ұтпай ұзағынан күтетін» ұрылар пайда болды. Ұсақ-түйекті ұрлап қолын былғамауды жөн көрсе керек. Алып контейнерді ұрлағанды көргеніңіз бар ма? Күні кеше Түркістан қалалық полиция бөліміне мүлкін ұрлатұан жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның өзі жұмыс жасайтын мекеме аумағында тұрған темір контейнерді белгісіз біреу ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Айдың күннің аманында алып контейнерді қалай ұрлап кеткеніне мүлік иесінің өзі де аң таң. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ірі заттарға «ынтық» ұрыны ұстауға тәртіп сақшылары білек сыбана кірісті. Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына жетті. Олар жақын аумақтарды түгел барлап шығып, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, ізге түсті. Ұры алыстан келмепті. Нәтижесінде ұрлық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай, күдікті жас жігіт осы мекемеге жақын жердегі фирмалардың бірінде күзетші болып жұмыс жасаған. Жәй жүрмепті, айналаны барлап жүріпті. Іске алымды қандай мүлікті жымқыруға болатынын бағамдап жүрсе керек. Жұмысына барып, қайтып жүргенде фирмадағы аулада тұрған контейнерге көзі түскен. Оңтайлы сәтін күтіп, алып контейнерді алып кеткен. Сезікті қолды қылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бүгінгі күні оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Насыбайшылар қолға түсті 1 оқу мин Әлеумет Насыбайшылар қолға түсті 12.06.2026 5671 В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 1 оқу мин Әлеумет В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 11.06.2026 3524 Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 1 оқу мин Әлеумет Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 11.06.2026 4084