Әлеумет 43 азаматтың Әкімшілік құқық бұзғаны анықталды Редактор 20.06.2022 6729 1 оқу мин Ұрлықтың үлкен, кішісі жоқ. Ауылдағы ризық несібенің көзі төрт түлік малға қырғидай тиген барымташылар ауыл халқының тынышын алып тұр. Сүтін, етін сатып малдың пайдасын көреміз бе деген ауылдағы ағайын тал түсте төрт түлігінен айырылып қалып отыр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының халқы соңғы жылдары жайылымдағы малының қамын ойлап, мазасыз күй кешуде. Оған себеп – ауданда мал ұрлығының өршуі. Осы жағдайға алаңдаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дамыл таппай, түрлі рейдтік шара ұйымдастырып, мал ұрлығының алдын алуда тынымсыз жұмыс атқаруда. Тәртіп сақшылары мал базарларды қатаң бақылауға алды. Сақшылар мал тасымалдайтын 40-қа жуық көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексерді. Тексеру барысында құқық бұзған 6 азамат анықталып, құжаттары заңды шара көрілу үшін аудандық ветеринариялық инспекциясына жолданды. Атап кетер жайт, жыл басынан бері 43 азаматтың Әкімшілік құқық бұзғаны анықталып, оларға Қазақстан Ресупубликасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында арнайы рейдтік шаралар жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11167 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12985 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15449