Әлеумет Мейрамханаға ұрлыққа түскен суыққолды ұсталды Редактор 21.06.2022 4912 1 оқу мин Бүгінде кез-келген кәсіпкер қол астында жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінен күдіктенсе болады. Өйткені ұрлықтың басым бөлігін барлығын алақандағыдай білетін сол жұмысшылар жасайды. Жуырда мейрамханадан қомақты ет ұрланды. Ұры алыстан келмепті. Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі мейрамханасының асханасында тұрған 70 келі ет өнімдерін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленуші ер адамға келген шығын көлемі 150 000 теңгені құрайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркеуге алды. Арыз бойынша тәжірибелі тәртіп сақшылары суыққолдының ізіне түсті. Олар ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, басты айғақ беруші бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны жас жігіт анықталды. Оның бұрын сотты болғандығы анықталды. Темір тордың арғы жағы оған өмірлік сабақ бере алмапты. Белгілі болғандай күдікті ер адам сол мейрамханада жұмыс жасаған. Сезікті күзетшінің болмағандығын пайдаланып, сағат 04:00 шамасында ұрлыққа түскен. Ел шырт ұйқыда жатқанда қолға түспеймін деп дәмеленсе керек. Ол ұрлаған етті, танысының үйінде жасырған. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде етті тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын сотты болған азамат енді қатаң жазасын алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366