Әлеумет Мейрамханаға ұрлыққа түскен суыққолды ұсталды Редактор 21.06.2022 11100 1 оқу мин Бүгінде кез-келген кәсіпкер қол астында жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінен күдіктенсе болады. Өйткені ұрлықтың басым бөлігін барлығын алақандағыдай білетін сол жұмысшылар жасайды. Жуырда мейрамханадан қомақты ет ұрланды. Ұры алыстан келмепті. Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі мейрамханасының асханасында тұрған 70 келі ет өнімдерін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленуші ер адамға келген шығын көлемі 150 000 теңгені құрайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркеуге алды. Арыз бойынша тәжірибелі тәртіп сақшылары суыққолдының ізіне түсті. Олар ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, басты айғақ беруші бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны жас жігіт анықталды. Оның бұрын сотты болғандығы анықталды. Темір тордың арғы жағы оған өмірлік сабақ бере алмапты. Белгілі болғандай күдікті ер адам сол мейрамханада жұмыс жасаған. Сезікті күзетшінің болмағандығын пайдаланып, сағат 04:00 шамасында ұрлыққа түскен. Ел шырт ұйқыда жатқанда қолға түспеймін деп дәмеленсе керек. Ол ұрлаған етті, танысының үйінде жасырған. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде етті тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын сотты болған азамат енді қатаң жазасын алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911