Әлеумет Өзгенің атынан несие рәсімдеп алған… Редактор 01.07.2022 2417 1 оқу мин Соңғы әлетте алаяқтық қылмысы өршіп барады. Жасы да, жасамысы да ашкөздікпен өзгенің дүниесін жымқырып кетпекті, не болмаса алдап алмақты кәсіп қылып алған. Дегенмен «көп асқанға бір тосқан» болатынын ұмытып кете беретіндері өкінішті. Алаяқтықтың адымы қысқа екенін тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысынан көруге болады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызын айта келіпті. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге рәсімдеген, оын да азсынса керек, шағын несие беру ұйымынан тағы да 79 000 теңге несие алған. Көршісінен түк те күдіктенбеген әйел айлар өткенде «қарызыңыз көбейіп кетті» деп банк қызметкері хабарласқанда ғана біледі. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 639 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтық гүлдеп тұрған шақта «қоңырау шалып алайын» десе де ұялы телефонды тіпті танысыңызға да ұстатпау қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 794 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 1005 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1622