Әлеумет Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды Редактор 19.07.2022 13726 1 оқу мин Бүгінде жүргізуші куәлігін заңды жолмен алуды ауырсынып, оңай жолмен ақшамен шешкісі келетіндердің қатары қалың. Емтихан тапсырып, «миды қатырмай» қажетті құжатқа қол жеткізгісі келеді. Мұндайды алаяқтар «ұтымды» пайдалануда. Тәртіп сақшылары соңғы әлетте жүргізуші куәлігін әперемін деп алдап соғатын алаяқтардың тым көбейіп кеткенін айтады. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған болатын. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кірген. Жәбірленуші қызмет ақысына деп 270 000 теңгені қолма қол санап берген. Қажетті құжатты оңай алатын болдым деген қуанышы ұзаққа созылмады. Не жүргізуші куәлігі жоқ, не ақшасы жоқ ақыр аяғында құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Арыз түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Оның оңай олжаға құнығып, өзгелерді де алдап соқпағаны әбден мүмкін. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 10980 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12701 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15211