Әлеумет Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды Редактор 19.07.2022 5460 1 оқу мин Бүгінде жүргізуші куәлігін заңды жолмен алуды ауырсынып, оңай жолмен ақшамен шешкісі келетіндердің қатары қалың. Емтихан тапсырып, «миды қатырмай» қажетті құжатқа қол жеткізгісі келеді. Мұндайды алаяқтар «ұтымды» пайдалануда. Тәртіп сақшылары соңғы әлетте жүргізуші куәлігін әперемін деп алдап соғатын алаяқтардың тым көбейіп кеткенін айтады. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған болатын. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кірген. Жәбірленуші қызмет ақысына деп 270 000 теңгені қолма қол санап берген. Қажетті құжатты оңай алатын болдым деген қуанышы ұзаққа созылмады. Не жүргізуші куәлігі жоқ, не ақшасы жоқ ақыр аяғында құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Арыз түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Оның оңай олжаға құнығып, өзгелерді де алдап соқпағаны әбден мүмкін. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 1 оқу мин Әлеумет 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 05.05.2024 1351 Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 1 оқу мин Әлеумет Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 05.05.2024 1445 Күрделі ота сәтті өтті 1 оқу мин Әлеумет Күрделі ота сәтті өтті 05.05.2024 1230