Әлеумет Ұры алыстан келмейді… Редактор 19.07.2022 7143 1 оқу мин Қаймана қазақты құдайы қонақ деп үйіне қонғызу да қауіпті сынды. Тіпті танысының өзін үйге қондыру да қорқынышты болып барады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның алтын бұйымдарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Құнды дүниенің қаражаты да қомақты. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шараларын атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Белгілі болғанындай шымкенттік жас жігіт арызданушының ұлының досы болып шықты. Жігіт досының үйінде қонақ ретінде бірнеше күн болған. Ол өз қылмысын еш алаңдаусыз іске асырып, сырт киімнің қалтасынан алтын бұйымдарды жымқырған. Содан соң Шымкент қаласындағы ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366