Әлеумет Ұры алыстан келмейді… Редактор 19.07.2022 16292 1 оқу мин Қаймана қазақты құдайы қонақ деп үйіне қонғызу да қауіпті сынды. Тіпті танысының өзін үйге қондыру да қорқынышты болып барады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның алтын бұйымдарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Құнды дүниенің қаражаты да қомақты. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шараларын атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Белгілі болғанындай шымкенттік жас жігіт арызданушының ұлының досы болып шықты. Жігіт досының үйінде қонақ ретінде бірнеше күн болған. Ол өз қылмысын еш алаңдаусыз іске асырып, сырт киімнің қалтасынан алтын бұйымдарды жымқырған. Содан соң Шымкент қаласындағы ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10361 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9183 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992