Әлеумет Қоймашы зауыттың 4 миллион теңгеге жуық заттарын сатып жіберген Редактор 20.07.2022 1951 1 оқу мин Ірі қойма, кәсіпорын, зауыттарда ұрлық орын алса әрине басты күдік қоймашы не болмаса күзетшіге түседі. Осыны біле тұра ұрлық жасайтындар ертеңгі күні оның жауабы болатындығын ойланбайтындығы таңқалдырады. Түркістан ҚПБ-ға құрылыс зауыттарының бірінен ұрлық жайында хабарлама келіп түскен. Онда аталған зауытқа тиесілі тауарлардың бірқатары жымқырылғаны көрсетілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 000 000 теңгеге жуық. Әрине аз қаражат емес. Ұрыны ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат осы зауыттың қоймашысы болып шықты. Ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 189-бабы, яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі техникалар мен тауарларды сатып жіберген. Ал ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 20.04.2024 897 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 20.04.2024 1531 ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 1154