Әлеумет Қоймашы зауыттың 4 миллион теңгеге жуық заттарын сатып жіберген Редактор 20.07.2022 11586 1 оқу мин Ірі қойма, кәсіпорын, зауыттарда ұрлық орын алса әрине басты күдік қоймашы не болмаса күзетшіге түседі. Осыны біле тұра ұрлық жасайтындар ертеңгі күні оның жауабы болатындығын ойланбайтындығы таңқалдырады. Түркістан ҚПБ-ға құрылыс зауыттарының бірінен ұрлық жайында хабарлама келіп түскен. Онда аталған зауытқа тиесілі тауарлардың бірқатары жымқырылғаны көрсетілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 000 000 теңгеге жуық. Әрине аз қаражат емес. Ұрыны ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат осы зауыттың қоймашысы болып шықты. Ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 189-бабы, яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі техникалар мен тауарларды сатып жіберген. Ал ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9183 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992