Әлеумет Саябақтағы орындықтарды сындырған үш жасөспірімнің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған Редактор 23.07.2022 6128 1 оқу мин Бүгінде жастардың саябақтарда қойылған орындықтардың үстіне шығып отыруы, айналаны ластап кетуі, ол аздай бүлдіріп, сындырып кету жағдайлары аракідік болса да орын алып тұрады. Жуырда рухани астанамыз Түркістанда жасөсіпірімдер қоқыс жәшігі мен орындықтарды сындырып кеткен. Бұл туралы Түркістан қалалық Полиция басқармасына «Жасыл Түркістан» мекемесінің қызметкері шағым түсірген. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша белгісіз біреулер саябақтағы 1 дана қоқыс жәшігі мен 3 орындықты сындырып кеткен. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл әрекет етті. Бірінші кезекте кінәлілерді анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары атқарылды. Жан-жақты сұрастырылып, бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Соның нәтижесінде саябақта теріс әрекет жасағандардың әрекеті жазылған бейнежазба анықталды. Осылайша жас жігіттер тұрғылықты мекенжайларынан анықталды. Олар бір-бірімен көрші тұратын, жасөспірімдер болып шықты. Анықталғандай, құқық бұзушы үш жасөспірім таңғы 04:55 шамасында қыдырып жүріп, қызық үшін өрескел әрекетке барған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабымен «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қоғамның әрбір мүшесі айналадағы әдемілік үшін, тазалық үшін қойылған заттарға қамқорлықпен қарау қажеттігін естен шығармаса дейсің. Ата-ана тарапынан тәрбиеде кеткен кемшіндік осылайша көрініс табатыны өкінішті. Қоғамның мүлкін сындыру, бүлдіру үшін қылмыстық жауапкершілік барын естен шығармаған да жөн. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366