Әлеумет Саябақтағы орындықтарды сындырған үш жасөспірімнің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған Редактор 23.07.2022 12301 1 оқу мин Бүгінде жастардың саябақтарда қойылған орындықтардың үстіне шығып отыруы, айналаны ластап кетуі, ол аздай бүлдіріп, сындырып кету жағдайлары аракідік болса да орын алып тұрады. Жуырда рухани астанамыз Түркістанда жасөсіпірімдер қоқыс жәшігі мен орындықтарды сындырып кеткен. Бұл туралы Түркістан қалалық Полиция басқармасына «Жасыл Түркістан» мекемесінің қызметкері шағым түсірген. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша белгісіз біреулер саябақтағы 1 дана қоқыс жәшігі мен 3 орындықты сындырып кеткен. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл әрекет етті. Бірінші кезекте кінәлілерді анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары атқарылды. Жан-жақты сұрастырылып, бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Соның нәтижесінде саябақта теріс әрекет жасағандардың әрекеті жазылған бейнежазба анықталды. Осылайша жас жігіттер тұрғылықты мекенжайларынан анықталды. Олар бір-бірімен көрші тұратын, жасөспірімдер болып шықты. Анықталғандай, құқық бұзушы үш жасөспірім таңғы 04:55 шамасында қыдырып жүріп, қызық үшін өрескел әрекетке барған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабымен «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қоғамның әрбір мүшесі айналадағы әдемілік үшін, тазалық үшін қойылған заттарға қамқорлықпен қарау қажеттігін естен шығармаса дейсің. Ата-ана тарапынан тәрбиеде кеткен кемшіндік осылайша көрініс табатыны өкінішті. Қоғамның мүлкін сындыру, бүлдіру үшін қылмыстық жауапкершілік барын естен шығармаған да жөн. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992