Әлеумет Бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша іс сотқа жіберілді Редактор 24.07.2022 3901 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен қала тұрғыны 1991ж.т. Д.Абдреимоваға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол қала тұрғындарын Атырау қаласында орналасқан «SSP» компаниясына әртүрлі мамандықтар (электрик, жүргізуші, күзетші, дәнекерлеуші) бойынша вахталық әдіспен айлық ақысы жоғары жұмысқа орналастырып беремін деп алдау арқылы 8 жәбірленушінің 70 000-100 000 теңге аралығында ақшалай қаражаттарын жымқырғаны анықталды. Тергеу барысында күдікті Абдреимова өз кінәсін мойындамағанымен қалалық полиция басқармасы оның жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен саралаған (үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген). Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 20.04.2024 681 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 20.04.2024 1050 ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 1010