Әлеумет Бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша іс сотқа жіберілді Редактор 24.07.2022 12623 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен қала тұрғыны 1991ж.т. Д.Абдреимоваға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол қала тұрғындарын Атырау қаласында орналасқан «SSP» компаниясына әртүрлі мамандықтар (электрик, жүргізуші, күзетші, дәнекерлеуші) бойынша вахталық әдіспен айлық ақысы жоғары жұмысқа орналастырып беремін деп алдау арқылы 8 жәбірленушінің 70 000-100 000 теңге аралығында ақшалай қаражаттарын жымқырғаны анықталды. Тергеу барысында күдікті Абдреимова өз кінәсін мойындамағанымен қалалық полиция басқармасы оның жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен саралаған (үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген). Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 10133 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 25709 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 11811