Әлеумет Құрлық әскерлерінде бөлімдерді жауынгерлік үйлестіру аяқталды Редактор 06.08.2022 2038 1 оқу мин Қарулы күштерде жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі саналатын бөлімшелер, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру аяқталуға жақын. Әскери қызметшілерді оқыту кезеңі жауынгерлік оқ атумен жаттығуымен аяқталады. Олардың 30%-ы түнгі уақытта ұйымдастырылады. Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарындағы практикалық сабақтар взвод командирлерінің басшылығымен өтеді. Олар бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды дайындауға жауапты. Взвод командирлерінің бастамасымен жеке құрам далалық дағдысын жетілдіріп, кіші командирлер бөлімшені басқару дағдыларын арттырады. Сондай-ақ әртүрлі ұрыс түрлерінде бөлімшелердің атысын басқаруды үйреніп, қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын да қадағалайды. – Жауынгерлік оқу атулар – тактикалық дайындықтың нағыз қызған шағы, бөлімшелердің жауынгерлік үйлестіруі мен атыс дағдысының соңғы кезеңі. Жауынгерлік оқ атулар барысында жеке құрам өзара іс-қимыл жасауды, штаттық қаруды тиімді қолдануды, жауынгерлік жағдайда оны шебер басқаруды үйренеді, – деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары – ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы генерал-майор Нұрлан Алдияров. Жауынгерлік оқ атулар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың талдауын ескере отырып жүргізіледі. Оларды жүзеге асыру үшін бөлімшелердің штаттық қару-жарағының барлық түрінен жердегі және әуедегі нысаналарға оқ атуды көздеуге жағдай жасалады. Осы кезеңде бөлімшелердің барлығы 500-дің үстінде жауынгерлік атысын өткізу жоспарланған. Сабақтардың тақырыбы мен уақытын жауынгерлік даярлық бағдарламасына сүйене отырып, рота командирлері анықтайтын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі қомақты 1 оқу мин Әлеумет Аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі қомақты 07.05.2024 729 Эстетикалық және реконструктивті ота жасау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді Әлеумет Эстетикалық және реконструктивті ота жасау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді 07.05.2024 496 Жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға септеспек 1 оқу мин Әлеумет Жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға септеспек 07.05.2024 562