Әлеумет Министр педагогтер қандай жағдайда аттестациядан босатылатынын айтты Редактор 12.08.2022 14150 1 оқу мин Аккредиттеуден өз еркімен өткен мұғалімдер аттестациядан босатылады. Бұл туралы тамыз конференциясының панельдік сессиясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. . Министр ведомство сапа тұрғысынан сертификаттау тәсілдерін өзгертетінін айтты. Яғни құжаттардың қалай рәсімделгеніне емес, басты мәселе ата-аналар мен мүдделі педагогтердің сауалнамасына мән беріледі. «Аттестация сапалы көрсеткіштерге қарай өзгереді. Біз аккредиттеу мүмкіндігін қосымша енгізгіміз келеді, ерікті аккредиттеуден өтетіндер аттестациядан босатылады деп болжанады. Неліктен аккредиттеу мен аттестаттауды қатар жүргізу керек? Осыған қатысты жоспарлар бар, біз оларды талқылаймыз», — деді Аймағамбетов. Мемлекеттік аккредиттеу — бұл кәсіптік білімнің негізгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметінің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін растау рәсімі. Аттестаттау педагогтердің біліктілік деңгейіне, біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе кәсіби қызметін бағалау негізінде атқаратын лауазымына сәйкестігін растауға мүмкіндік береді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 1454 ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 8554 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 10538