Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото ainews.kz

«Қолайлы мектеп» жобасын солтүстіктегі өңірлерге бағыттау ұсынылды

292 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-03

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская Президент Жолдауының тиімді іске асуы Үкіметтің құзыреттілігіне байланысты екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Президент Жолдауында өте көп міндет жүктелді. Бірақ олар біз жетуіміз керек мақсаттарға ғана. Оған қалай жетеміз деген мәселе өз алдына маңызды. Яғни Жолдаудың іске асуы Үкіметтің жалпыұлттық жоспарға қандай тетіктер енгізетініне де байланысты. Жоспарға Жолдаудың зейнетақы туралы үзіндісін қиып алып, орындаушының тұсына БЖЗҚ-ны бекіте салуға болмайды деп ойлаймын. Өйткені Жолдаудың әр пункті мұқият есептеп, тетіктерін егжей-тегжей ойластыруды қажет етеді», деді депутат Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сарапшылар кеңесінде. Сондай-ақ, ол Жолдауда айтылған «Қолайлы мектеп» жобасын солтүстік өңірлерге халық қоныстандыру саясатымен үйлестіріп іске асыруды ұсынды. «Мектептерде 800 мың қолайлы орын қалыптастыру туралы тапсырмасын ғана алып қарайық. Бұл бүкіл оқушылардың бестен бір бөлігі деген сөз. «Қолайлы мектеп» жобасына қатысатын білім ошақтары қалай іріктеледі, базасы қайда болады? Осының бәрі тереңдеп талдауды керек етеді. Әсіресе өңірлердегі мектептерді зерттеу керек. Солтүстікке көшіңіздер деген ұран көп. Бірақ барған кезде қыл аяғы дұрыс мектеп те жоқ болып шығады. Өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған мектептер әлі тұр. Яғни, Жолдаудың тиімді іске асуы тетіктері қаншалықты сауатты пысықталғанына байланысты болмақ. Бұл тек Үкіметтің ғана емес, сарапшылар қауымының да, депутаттар корпусының да жұмылуын талап етеді», - деді Юлия Кучинская.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея