Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚОСТАНАЙҒА 20 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛЕДІ Редактор 04.09.2022 4864 1 оқу мин Қостанай облысындағы өрттен жапа шеккен тұрғындарға түркістандықтар да көмектесуге ниетті. Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері 1 күндік жалақыларын аударса, кәсіпкерлер де қаржылай көмектерін көрсетуде. Қазіргі таңда жиыны 70 млн.теңге қаржы Қостанай облысына көмек ретінде жиналды. Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы төтенше жағдай кезінде ел болып қиындықты еңсерген Түркістан жұртшылығы облыста бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін ашты. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты мен Түркістан қалалық «Amanat» партиясының жанындағы «Jastar ruhy» жастар қанатының коворкинг орталығы, «Қызыл жарты ай» қоғамдық қоры штабы, Шымкент қаласындағы облыстық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында қостанайлықтарға берілетін көмек заттары жиналуда. Қазақстан Халқы Ассамблеясының аудан-қаладағы филиалдары да көмек көрсетуде белсенділік танытуда. Сондай-ақ 17 аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» ғимараттарында гуманитарлық көмек жинақталуда. Қазіргі таңда халыққа аса қажетті заттар: — Төсек жабдықтары, көрпе-көрпеше, жастық, матрастар; — Санитарлық жабдықтар; — Ұзақ уақытқа жарамды консервіленген және жартылай фабрикатталған азық-түлік болып отыр. 4 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша 1 камаз гуманитарлық көмек жөнелтіліп үлгерген. Ал ертең, қосымша тағы да 20 тонналық 2-3 жүк көлігі гуманитарлық көмек Қостанай облысына жіберіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11167 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12985 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15449