Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚОСТАНАЙҒА 20 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛЕДІ Редактор 04.09.2022 12342 1 оқу мин Қостанай облысындағы өрттен жапа шеккен тұрғындарға түркістандықтар да көмектесуге ниетті. Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері 1 күндік жалақыларын аударса, кәсіпкерлер де қаржылай көмектерін көрсетуде. Қазіргі таңда жиыны 70 млн.теңге қаржы Қостанай облысына көмек ретінде жиналды. Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы төтенше жағдай кезінде ел болып қиындықты еңсерген Түркістан жұртшылығы облыста бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін ашты. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты мен Түркістан қалалық «Amanat» партиясының жанындағы «Jastar ruhy» жастар қанатының коворкинг орталығы, «Қызыл жарты ай» қоғамдық қоры штабы, Шымкент қаласындағы облыстық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында қостанайлықтарға берілетін көмек заттары жиналуда. Қазақстан Халқы Ассамблеясының аудан-қаладағы филиалдары да көмек көрсетуде белсенділік танытуда. Сондай-ақ 17 аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» ғимараттарында гуманитарлық көмек жинақталуда. Қазіргі таңда халыққа аса қажетті заттар: — Төсек жабдықтары, көрпе-көрпеше, жастық, матрастар; — Санитарлық жабдықтар; — Ұзақ уақытқа жарамды консервіленген және жартылай фабрикатталған азық-түлік болып отыр. 4 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша 1 камаз гуманитарлық көмек жөнелтіліп үлгерген. Ал ертең, қосымша тағы да 20 тонналық 2-3 жүк көлігі гуманитарлық көмек Қостанай облысына жіберіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961