Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото Мінбер

Депутат кейбір санаттағы мұғалімдерді біліктілік тестінен босатуды ұсынды

400 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-08

Мәжіліс депутаты Зарина Камасова 30 жылдан артық өтілі бар мұғалімдерді біліктілік тестен босатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет өз Жолдауында әділетті Қазақстанды құрудамектеп мұғламдіерінің жетекшімаңызға ие екенін айтты. Олардың құзыретін анықтайтын нақты әрі ашық тетіктер әзірленуі керек. Қазір ондайтетік Ұлттық біліктілік тестілеу жүйесі болып отыр. Бірақ бұл жүйе педагогтердің алдына мүмкіндіктен гөрі кедергілерді көбірек тосуда», - деді ол Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке жолдаған депутаттық сауалында. Сондай-ақ депутат аталмыш тестің түріне алдын ала дайындалу мүмкін еместігін мәселе етіп көтерді. «Мұндай қызметті жеке бизнес көрсететіндіктен, оның бағасын кез келген мұғалімнің қалтасы көтере бермейтін көрінеді. Ал кейбір педагогтер үшін алдын ала тестілеу тәсілі мен мерзімі қолайсыз. Математика мұғалімі эссе жазу керек деген сияқты функционалдық міндетінен тыс сынақтар да тестілеудің тиімділігін төмендететін көрінеді. Аттастециялаудың қолданыстағы ережесі бойынша әуелі педагог біліктілік тестінен өтуі керек. Одан жеткілікті балл алмаса, жетістері туралы құжат жинаудың қажеті болмай қалады және біліктілік санатынан айырылады. Сонда мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын басты көрсеткіш не деген сұрақ туындайды. Егер Ұлттық біліктілік тесті басты индикатор болса, онда неге оның сұрақтарымен, әсіресе сабақ беру және тәрбие жөніндегі сұрақтармен алдын ала танысу мүмкіндігі жоқ. Бүгінде сұрақтармен алдын ала танысу үшін ақылы сынқақ тестен өту керек. Оның бағасы мұғалім үшін 3063 теңге, директор үшін 5000 теңге. Олай болмаса 40 мың теңге төлеп, Ұлттық білікті тестілеу курсынан өту қажет», - деді Зарина Камасова. Осыны негізге алған депутаттар Ұлттық біліктілік тестін өткізу тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Соның аясында 30 жылдан артық өтілі бар мұғалімдерді тестілеуден босату туралы ұсынысты нақты нормативтік-құқықтық актіге көшіру, біліктілік санатын тағайындау кезінде ұлттық тестілеу нәтижесі ескерілуі міндетті санаттарды айқындау ұсынылды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 130 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея