Әлеумет Алкогольдік ішімдік ішемін деп 1 жылға бас бостандығынан айырылды Редактор 10.09.2022 5402 1 оқу мин Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде, Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының полицейлері жарық шамын жақпай келе жатқан «Ваз-21074» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автокөлік иесінің мас күйде көлік жүргізгенін анықтады. Мұны сараптама қорытындысы растады. Сонымен қатар 2021 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен жүргізушінің 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда, жүргізуші жол ережесін қайталап бұзып, мас күйде көлік тізгіндеген. Жүргізушіге қатысты ҚК-нің 346-бабы, яғни «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» бойынша іс құжаттар жинақталып, Төлеби аудандық сотына жолданды. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, көлік басқару құқығынан өмір бойына және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік басқармауға кеңес береді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366