Әлеумет Алкогольдік ішімдік ішемін деп 1 жылға бас бостандығынан айырылды Редактор 10.09.2022 11479 1 оқу мин Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде, Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының полицейлері жарық шамын жақпай келе жатқан «Ваз-21074» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автокөлік иесінің мас күйде көлік жүргізгенін анықтады. Мұны сараптама қорытындысы растады. Сонымен қатар 2021 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен жүргізушінің 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда, жүргізуші жол ережесін қайталап бұзып, мас күйде көлік тізгіндеген. Жүргізушіге қатысты ҚК-нің 346-бабы, яғни «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» бойынша іс құжаттар жинақталып, Төлеби аудандық сотына жолданды. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, көлік басқару құқығынан өмір бойына және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік басқармауға кеңес береді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018