Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото Хабар

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мектептер екі есе көп қаржы алуы керек – министр

441 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-13

Аппарат жиналысын өткізген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда өңірлерде жиі кездесетін мәселелерді атады. Оның айтуынша, инклюзивті сыныптарда оқитын балаларды жан басына қаржыландыру үшін мектептер екі есе қаражат алуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жан басына қаржыландыру мәселесі өте маңызды. Біз ерекше білімді қажет ететін балаларды жан басына қаржыландыру коэффициентін белгіледік. Ол 2 коэффициентке тең. Егер бізде жалпы мектепке баратын балаларды жан басына қаржыландыру 500 мың болса, ал инклюзивті сыныптарда оқитын балалар үшін сіздер екі есе қаржы алуларыңыз керек. Бірақ өңірлерге барғанда осы қағиданың толық орындалмай жатқанын көріп жатырмыз. Сондықтан білім басқармалары және бөлімдері осы мәселені бақылауға алып, тиісті шешім қабылдауы керек. Сіздер оны қалайсыздар ма, қаламайсыздар ма, заң бойынша солай болуы тиіс. Егер ерекше білімді қажет ететін бала мектепке келетін болса, сол бала үшін қаржыны екі есе көп алу керек. Өйткені ол балаға қосымша тьюторлар керек, тисті орта қалыптастыру қажет. Біз осы оймен осындай шешім қабылдаған болатынбыз», - деп атап өтті министр. Аппарат жиыналысында Асхат Аймағамбетов мүмкіндігі шектеулі балаларды балабақшаларға орналастыру мәселесіне де тоқталды. «Егер балабақшаға ерекше бала келсе, онда сол топтағы үш бала қысқаруы керек деген қағида бар. Маған әріптестерім жазып жатқандай, осы қағиданы орындау өте қиын. Неге? Өйткені, 25 бала балабақшаға алынып қояды. Кейін ерекше білімді қажет ететін 3 бала келсе, топтағы 9 бала азаюы керек. Бірақ оны қысқарту қиын. Сондықтан осы мәселенің шешімін тауып, алдын ала бір ұсыныс беріңіздер», - деп жергілікті білім басқармалары мен бөлімдеріне міндет жүктеді министр. Бұрын хабарлағанымыздай, Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев ведомствода өткен аппарат жиналысында 2026 жылға дейін мектептердегі тапшылық 1 млн 117 мың 900 орынды құрауы мүмкін екенін айтқан еді. Сонымен қатар, ол мектепткердің сапасыз салынуына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, мердігерлер барынша пайда табу мақсатында сапасыз, арзан құрылыс материалдарын пайдаланады. Салдарынан 3-5 жылдан кейін сапасыз құрылыс қайта күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 17 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 129 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея