Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Құрылыс алаңын аралады

40 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-18

Құрылыс алаңын аралады Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында бүгінде кәсіпкерлер түрлі сала бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Өз қаражаты есебінен медпункт, мектеп салып беріп жатқандары да бар. Экономиканың негізгі драйвері кәсіпкерлер барлық салада да өркендеу үшін қызмет етуде. Жуырда Аудан басшысы Нұрлан Байғұт аудан аумағындағы құрылыс нысандарын аралап, алдынғы аралау барысында берген тапсырмалардың жүзеге асу барысын бақылады. Жабағылы ауылындағы әкімдік ғимаратынан бастаған аудан әкімі ауыл тұрғындары есептік кездесуде қажетті деп көтерген бұл нысанның кем-кетік тұстарын толық ретке келтіріп, Республика күні мерекесіне пайдалануға беруге дайын болу керектігін ескертті. Содан соң аудан басшысы Ақбиік, Рұсқұл, Шұқырбұлақ және Келтемашат ауылдарында бой көтеріп жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылыс алаңында болды. Аталған нысандардың бүгінгі таңда екеуінің іргетасы қаланып, қабырғасын көтеру жұмыстары іске асуда (Шұқырбұлақ, Келтемашат). Ақбиік ауылындағы медициналық тіректің іргетасын қалау жұмыстары толық аяқталып, жерін қоршау және трансформатор орнату жұмыстары іске асқан. Ал, Рұсқұл ауылында нысан түсетін жерді тегістеу жұмыстары іске асуда. Бұдан бөлек Еңбекші ауылындағы Тұрсынбеков, аудан орталығындағы Майлыкент мектебінің және Кершетас ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс алаңында болған Нұрлан Мархабатұлы ауа-райының қолайлы сәтін барынша пайдаланып, дала жұмыстарын қарқындату керектігін ескертті. Аудан басшысы осыдан екі апта бұрын құрылыс нысандарын аралау барысында Майлыкент мектебінің ауласына жауын-шашын суларының ағып кетуіне аса қажетті науа орнату, асфальт жабындысын төсеу, Жабағылы әкімдігінің ауласын абаттандыру және басқа осы сынды берген тапсырмаларының іске асқандығына толық көз жеткізді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

9

11

12

13

14

15

29

30

Галерея