Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Born NOMAD жобасына үш үміткер іріктелді

38 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-18

Born NOMAD жобасына үш үміткер іріктелді Born NOMAD жобасы былтыр АҚШ елшілігі және "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Шевронмен серіктестікте іске қосылған болатын. АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы АҚ "Kazakh Tourism" ҰК және ҚР "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп BORN NOMAD power AWARDS 2022 байқауының басталғаны туралы баспасөз конференциясында ресми түрде жариялады. Былтыр қазан айында Түркістан қаласында алғаш рет «Bon Nomad Power Forum 2021» өткен болатын. Конкурс қолөнердің барлық сабақтас салаларын қоса алғанда, қолданбалы өнер индустриясын дамыту саласындағы жетістіктері үшін ашық конкурс өткізу қорытындылары бойынша берілетін креативті марапат ретінде белгіленеді. Конкурстың мақсаттары - креативті индустрия саласындағы неғұрлым табысты бұйымдарды анықтау, оларды ілгерілету және туристік өнімнің сапалы элементтерін қалыптастыру құралы ретінде халықтық-қолданбалы өнер саласындағы шеберлерді ізденуге ашық конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Сондай-ақ, мәдени мұраны қайта түлету және көпшілікке тарату, сондай-ақ дәстүрлі қолөнердің заманауи интерпретациясын жасау және халықтық-қолданбалы өнер мен басқа да креативті индустриялардың коллаборациясы. Түркістан облысында да он саусағынан өнері тамған қолнер шеберлері баршылық. Биылғы жылы Born nomad power awards 2022 байқауының финалына Түркістан облысынан үш қатысушы өтті, олар: Арыс қаласынан Есенқұлова Алмакул, Арыс қаласынан Жанша Ерболат, Кентау қаласынан Айдарша Мереке. Ерболат Жанша қазақы домбыраға жан бітіріп жүрген хас шебер. Ерекше стильде жасалған өнер туындысына сұраныс көп. Ал он саусағынан өнері тамған қос ханым басқұр, алаша тоқып, ұлттық өнерді тірілтіп жүр. Қай қайсы да жүлдеге нағыз лайықты шеберлер. Өзіндік өрнектерімен кәсіпкерлік саласында із қалдырып жүрген жандар.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

9

11

12

13

14

15

29

30

Галерея