Экономика Кәсіпкерлер мектеп салуға сүбелі үлес қосуда Редактор 10.11.2022 4169 1 оқу мин Кәсіпкерлер мектеп салуға сүбелі үлес қосуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен жиналыста орта білім саласындағы өзекті мәселер талқыланды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, апатты және үш ауысымды мектептерді азайту бағытында жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады. Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жекеменшік мектеп ұйымдарында 50 841 оқушы білім алуда. 2022 жылы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21) және Бірлік тұрғын алабында 1 жекеменшік мектеп салынуда. 2023 жылы – 6 мемлекеттік мектеп (ӘІО — 3200 орынды 2 мектеп, «Яссы» м/а – 2100 орынды 2 мектеп, «Шауғар» м/а – 600 орынды 1 мектеп, «Бекзат» м/а 1200 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда. 2024 жылы – 3 мемлекеттік мектеп («Яссы» м/а– 1200 орынды 1 мектеп, «Шауғар» м/а– 600 орынды 1 мектеп, ӘІО– 2000 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда. Жалпы соңғы әлетте облыс экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер білім ошақтарын салуға бет бұра бастады. Әсіресе Сайрам ауданының кәсіпкерлері мектеп салудан көш басында тұр. Қаржыны көп қажет ететін құрылысқа қаржы салған кәсіпкерлер әэкономикадан бөлек, әлеуметтік саланың да әлеуетін арттыруға күш салуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3840 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 4117 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3936