Экономика Кәсіпкерлер мектеп салуға сүбелі үлес қосуда Редактор 10.11.2022 4486 1 оқу мин Кәсіпкерлер мектеп салуға сүбелі үлес қосуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен жиналыста орта білім саласындағы өзекті мәселер талқыланды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, апатты және үш ауысымды мектептерді азайту бағытында жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады. Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жекеменшік мектеп ұйымдарында 50 841 оқушы білім алуда. 2022 жылы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21) және Бірлік тұрғын алабында 1 жекеменшік мектеп салынуда. 2023 жылы – 6 мемлекеттік мектеп (ӘІО — 3200 орынды 2 мектеп, «Яссы» м/а – 2100 орынды 2 мектеп, «Шауғар» м/а – 600 орынды 1 мектеп, «Бекзат» м/а 1200 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда. 2024 жылы – 3 мемлекеттік мектеп («Яссы» м/а– 1200 орынды 1 мектеп, «Шауғар» м/а– 600 орынды 1 мектеп, ӘІО– 2000 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда. Жалпы соңғы әлетте облыс экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер білім ошақтарын салуға бет бұра бастады. Әсіресе Сайрам ауданының кәсіпкерлері мектеп салудан көш басында тұр. Қаржыны көп қажет ететін құрылысқа қаржы салған кәсіпкерлер әэкономикадан бөлек, әлеуметтік саланың да әлеуетін арттыруға күш салуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 1660 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 2270 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 3510