Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Отандық өнімнің орталығы Түркістан болуы да ғажап емес

34 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-27

Отандық өнімнің орталығы Түркістан болуы да ғажап емес Бүгінде Түркістан облысында түрлі бағытта өнім өндіретін өндіріс орындары көптеп ашылуда. Күні кеше ғана түрік бауырлар құрылыс өнімдерінің қаптамалары шығаратын зауытқа инвестиция құюға ниет білдірді. Бұдан бөлек алдағы уақытта облыс орталығында бұдан да ірі кәсіпорындар ашылғалы жатыр. Мәселен, Түркістан облысында бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар өндірісі қолға алынбақ. Одан кейін ірі қара, ұсақ малға арналған құлақ тегтерін, шприцтерді және қан алуға арналған сыйымдылықтарды өндіру өндірісі де бастау алмақ. Бұған жуырда ғана дәл осы өндірістерді бастау бойынша Түркістан облысы Инвестиция және Экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Пирамида Комплект» ЖШС, «CAPABLE GROUP» компаниясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Ірі жобалар осылайша түбі бір түркінің темір қазығы болған киелі шаһарды одан ары гүлдендіруге серпін бермек. Екі алып өндіріс ошағының қазығы қағылатын күн де алыс емес. Бқл туралы жыл сайынғы Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (Kazakhstan GlobalInvestment Roundtable, KGIR-2022) белгілі болған-тын. Шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің, инвесторлардың, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшыларының 500-ден астам өкілдері шақырылған. Қазақстан жағынан шараға салалық министрліктер мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық бизнес өкілдерінің жетекшілері қатысты. KGIR-2022 күн тәртібінде талқыланған мәселелер – әлемдік экономиканың дамуы, жаһандық және өңірлік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен логистика. Түркістан облысы үшін жағымды жаңалықтардың алғашқы бастауы осында белгілі болды. Енді аталған екі бағыттағы өнімдерді шеттен тасып сабылмаймыз. Өзіміз өндіреміз. Отандық өнімнің орталығы Түркістан болуы да ғажап емес.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

9

11

12

13

14

15

29

30

Галерея